№ 1 ХАТТАМА жалпы педагогикалық кеңес отырысы » ГККП "Ясли сад №178"
Телефон завующего:
+7(727) 374-99-95
Телефон методиста:
+7(727) 374-99-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 1 ХАТТАМА жалпы педагогикалық кеңес отырысы
27
август
2020

№ 1 ХАТТАМА жалпы педагогикалық кеңес отырысы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӘУЕЗОВ АУДАНЫ

КМҚК «№ 178 БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ» 



№ 1 ХАТТАМА


жалпы педагогикалық кеңес отырысы



Өткізілген күні: 27.08.2020 ж.

Өткізілу орны:   «№ 178  бөбекжай-балабақшаның» музыка залы.


Қатысқандар: 

1.     Искендирова Г.Б. – меңгеруші, 

2.     Байжигитова Г.К. – әдіскер

3.     Осербаева Н.А. – медбике;   

4.     Қамыспаева Г.,

5.     Садинова М.,

6.     Таласбаева С.,

7.     Данышбаева Л.,

8.      Кабдулдинова А., 

9.     Сарбасова Г.,

10.Серікбаева А.,

11.Муталипова М., 

12.Алрахимова Ж.,

13.Умарова А.,

14.Чапай Мейірім,

15.Майсанова С., 

16. Бейсебаева Қ.,

17. Куметова Қ.,  –   тәрбиешілер,

18. Ұзақбаева Ш.,

19.Жұманова Ғ.  – музыка жетекшілері;

20. Рысқұлова И.  – қазақ тілі маманы; 

21. Есимова С. – психолог.


Барлығы  –– 21 адам.  


Тақырыбы: «Жаңа оқу жылындағы балабақша қызметінің негізгі бағыттары».


Мақсаты: алдағы оқу жылында педагогикалық ұжымды оқыту-тәрбиелеу процесі мен жылдық тапсырмаларды игеруге және іске асыруға жұмылдыру. Баланың қажеттілігін қанағаттандыру және қабілетін анықтау мақсатында, оның жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына қолайлы жағдайлар туғызу. Баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру.


КҮН ТӘРТІБІ:

  1. № 5 педагогикалық кеңес шешімдеріне талдау – меңгеруші Г.Б.Искендирова. 

Жазғы сауықтыру кезеңдегі жұмыстарды қорытындылау (сауықтыру жұмысының сараптамасы) – медбике – Осербаева Н.А.

  1. Педагогикалық ұжымды 2020-2021 оқу жылының жұмыс жоспарымен, жылдық міндеттемелермен таныстыру. Жаңа оқу жылындағы педагогтардың сапалық тізімімен, үлгілік оқу бағдарламасындағы өзгерістермен   таныстыру – әдіскер Байжигитова Г.К.. Топтардағы ағымдық құжаттарды бекіту – меңгеруші Искендирова Г.Б., 
  2. Аттестация комиссиясы мүшелерін сайлау.    

Ұжымға жаңа қосылған әріптестермен таныстық «Танысайық әріптес!»

психологиялық-тренинг   – психолог Есимова С.

  1. Педагогикалық кеңесті қорытындылау, шешім қабылдау. 



  1. ТЫҢДАЛДЫ:

    – Сәлеметсіздер ме қымбатты әріптестер. Ең алдымен жаңа оқу жылымыз баршамызға құтты болсын. Жаңа оқу жылында баршамызға шығармашылық табыс, мықты денсаулық тілеймін. Мына бүкіл әлемдік болып жатқан  қиыншылықты еліміз жеңіп шығады деп сенеміз. Карантинге байланысты №5 педагогикалық кеңесімізді Watsap  желісі арқылы өткіздік. Жазда өздеріңіз білесіздер тек үш кезекші топ ашып бастадық да кейін тағы екі топ қостық. Жас ерекшелігі бірдей топ балаларын бір-біріне қосып отырғыздық. Санитарлық талаптар қатаң түрде толық орындалды. Ашылған кезекші топтарымызда жоспарланған оқу қызметтері мен түрлі жаздық іс-шаралар уақытылы өз дәрежесінде өткізілді. Бірақ әлі де болса сайтқа, Instagram  желілеріне салу жағы ақсап тұр. Осы жағына көңіл бөліңіздер. Психолог, музыка жетекшілері  сіздер де өздеріңіздің өткізіп отырған оқу қызметтеріңізді, балалармен жұмыстарыңызды осы желілерге жүктеп отырыңыздар. Жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмыстардың басты міндеттері: балалардың денсаулығын шыңдау мен өмірін сақтау және қорғауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасалып, балаларды сауықтыруға және оларға физикалық тәрбие беруге бағытталған шаралар жүйесі барынша жүзеге асырылды, сондай-ақ танымдық белсенділігі мен өзіндік ынталануын, білуге деген құмарлығын дамыту, жаз мезгіліндегі балаларды сауықтыру мәселелері бойынша ата-аналарда ағартушылық көзқарасты жүзеге асыруға көңіл бөлінді. Жаздық іс-шаралар, педагогикалық кеңесте қаралған, айтылған мәселелердің бәрі орындалды. 

     Өздеріңізге белгілі балабақшада әлі де тек кезекші топтар жұмыс жасаймыз. Ата-анасы да жұмыста, үйде қараусыз қалатын балаларды ғана қабылдаймыз. Әр топта бала санын 15 баладан асыруға болмайды. Карантинге байланысты сақтық шараларын міндетті түрде  қатаң орындаймыз.

     Жаздық санитарлық талаптардың орындалу барысын медбике Осербаева Нұргүл айтып өтті: – жаздық кезекші топтар маусым айының 8-нен бастап ашылды. Ашылған күннен бастап балаларды сырттан есік алдынан  күнделікті дене қызуларын өлшеп, қолдарын антисептикалық құралдармен зарарсыздандырып, әр топ тәрбиешілері балаларды толықтай тексеріп қабылдап отырдық.  Күнделікті таңертеңгілік қабылдау, таңертеңгілік жаттығулар таза ауада, музыка қойылып өткізіліп тұрды. Жоспар бойынша балаларға жаңа піскен көкөністер, жеміс-жидектер, шырындар берілді. Таза ауада көп уақыттарын өткізіп, денсаулықтарын шынықтырды. Күннің ыстығында балалар бас киімі,  су беру режиміне аса назар аударылып, қадағаланып отырды. Әр топ бір рет қана қолданылатын стакандармен, қағаз сүлгілермен, антисептикалық құралдармен, сұйық сабындармен толық қамтамасыз етілді.  Дене қызуы көтерілген, тамағы қызарған балалардың дер кезінде ата-аналары шақыртылып, үй жағдайында емделіп отырды. Соның арқасында балабақшамызда  қатты ауырған ешқандай жағдай тіркелген жоқ. 


2. ТЫҢДАЛДЫ:

Келесі мәселе бойынша әдіскер Байжигитова Г.К., сөз алды: – Қымбатты    Гүлнара Борибаевна, әріптестер, тәрбиешілер, педагог мамандар баршаңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Жыл бойына шығармашылық табыстар, таусылмайтын күш-жігер тілеймін.  Енді бірінші кезекте алға қойып отырған жылдық міндеттемемізбен таныстырып өтейін:

  1. Салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру арқылы баланың денсаулығын нығайту және өмірін сақтау.
  2. Мектеп жасына дейінгі баланы қоршаған ортамен таныстыра отырып,  жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынас негіздерін қалыптастыру.


     Қазіргі таңда балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту елімізде өзекті мәселелердің бірі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес «Денсаулық» білім беру саласының мақсаты – балаларды салауатты өмір салтына баулу, денсаулық сақтау технологияларын қолданып, ойындар мен жаттығулар арқылы дене шынықтыруға қызығушылықты қалыптастыру. Осы мәселелерді қарай келіп бірінші жылдық міндеттемемізді «Денсаулық» білім беру саласынан алдық. Екінші жарты жылдық міндеттемеміз «Әлеумет» білім беру саласынан, баланы қоршаған ортамен таныстыра отырып, бойына жағымды мінез-құлық қалыптастыру да үлкен мәселелердің бірі. Бала бойына кішіпейілділік, инабаттылық, дұрыс сұрақ қоя білу, өзін қоршаған адамдарды сыйлай білу, достарымен тіл табыса білу сияқты күнделікті қарапайы ережелерді қалыптастыра білу де үлкен жүк. 

     Осы жылдық міндеттемелерді жүзеге асыру үшін, барлық педагогикалық іскерліктеріңіз бен шеберліктеріңізді көрсетесіздер деп ойлаймын. Жаңа оқу жылындағы  педагогтардың сапалық тізімімен таныстырып өтсем, біз жаңадан бірнеше тәрбиешілер мен музыка жетекшілерін қобылдадық. Сонымен қазір 17 тәрбиеші, 3 музыка жетекшісі,  психолог,   қазақ тілі маманы, қосымша ақылы би  жетекшісі бар.  Биылғы жаңа оқу жылындағы өзгерістеріміз «Әлеумет» білім беру саласынан «Экология негіздері» алынып тасталды және оның сағатын   «Қоршаған ортамен танысуға» қосылды, сонымен «Қоршаған ортамен танысу» – 0,5 сағат. «Қатынас» білім беру саласынан «Драма» алынып тасталды, оның сағаты «Көркем әдебиетке» қосылды, Сонымен  «Көркем әдебиет» – 1 сағат болды. Ал мектпалды даярлық топтарында өткізілетін «Шет тілі» ұйымдастырылған оқу қызметі вариативті білімге ауыстырылды. Барлық жас топтарында Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі сақталған.

     Үлгілік оқу жоспарына сәйкес барлық топтардың күн тәртібі, сағат саны,  оқу қызметінің кестесі толық дайын. Қазір барлық топтарға таратылып беріледі. 

Топтардың оқыту-тәрбиелеу үдерісіне жабдықталуы, қажеттті канцелярлық заттар да таратылып беріледі. Ал оқу қызметі барысында қолданылатын көрнекіліктеріңіз толықтыру өз міндеттеріңіз.


  1. ТЫҢДАЛДЫ:

     Педагогтардың кезекті біліктілік санатын көтеру бойынша аттестация комиссиясының құрамын сайлауға  ұсыныстар қаралды. Ұжым мүшелері аттестация коммиссиясының төрайымы – балабақша меңгерушісі Искендирова Гүлнара Бөрібайқызын, төрайым орынбасары – жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиеші Қамыспаева Гүлмираны, мүшелеріне жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиеші Майсанова Самалды, орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиеші Серікбаева Айнагүлді, хатшы жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер Байжигитова Гүлбаршынды  бірауыздан ұсынды.  

        Психолог Есимова Самал ұжым арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған психологиялық-тренинг өткізді. (Тренинг өтілу барысы жазба түрінде ұсынылды).


  1. ШЕШІМ:
  2. № 5 педкеңес шешімдерінің орындалуы қанағаттанарлық деп бағалансын.
  3. Педагогикалық ұжымның жылдық күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары, бейімделген бағдарлама жоспарлары қанағаттанарлық деп саналсын. Оқу – тәрбие жұмыстары жаңа стандарт талаптарына сай әзірленсін және методикалық талапқа сай жүргізілсін.
  4. Алдағы оқу жылында жылдық міндеттеме мақсатына жету жолында әр тәрбиеші өз іскерліктерімен, шеберліктерін методикалық талапқа сай  жүргізсін және бала өмірінің қауіпсіздігін сақтасын.
      Барлық оқу қызметтері бойынша интерактивті әдістерді қолдану жұмыстары жалғастырылсын.
  5. Педагогтарды аттестаттаудан өткізу жұмыстары қолға алынсын. Педагогтарымыздың санаттарын көтеру үшін барлық басылымдарға мақалалары шығарылуы, білімін жетілдіру мақсатында арнайы курстарға  жіберілу жұмыстары қадағалансын.


                Төрайымы:                                     Искендирова Г.Б.                           


Хатшы:                                   Байжигитова Г.К.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив