«Ұлы Жеңіс жасасын!»
«№ 178 бөбекжай балабақшасы» Коммуналдық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорында 9 Мамыр Жеңіс күні құрметіне «Ұлы Жеңіс жасасын!» аты мерекелік ертеңгілік өткізілді.
Ертеңгіліктің мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, соғыс кезінде Отан үшін жан қиған ата-апаларымыздың ерліктерімен бүгінгі ұрпақты таныстыру. Соғыстан аман-есен оралып бұл күнде қатарлары сиреп бара жатқан ардагер аталарымызбен балаларды таныстырып, соғыс туралы естеліктерін тыңдап, ерліктерін үлгі ете отырып, ақ баталарын алу.
Ертеңгілікке Алматы қаласы, Әуезов ауданының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, бүгінде 95 жасқа келіп отырған Керимқұлов ДЖаңбыр ата келді.
Соғысқа шақырылғанда он жеті жастан жаңа асқан бозбала, аз күндік дайындықтан соң он сегізге толғанда қырғын майданның ортасына түскен ДЖаңбыр ата Жеңіске жету жолында бір емес бірнеше ұлт өкілдері миллиондаған адамдардың 1418 азапты күн мен түнді Отан үшін, Жеңіс үшін, болашақ ұрпақ үшін қайсар ерлікпен шыбын жандарын құрбан ерткен қарулас достары туралы естеліктерін айтып берді. Бүгінгі бейбітшілік заманның ұрпағына бақыт тілеп, ақ батасын берді.
Балалар Жаңбыр атаға соғыс кезіндегі әндерді айтып, билерін билеп өнерлерін көрсетті, соңынан атамен естеліккке суретке түсті.