"Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытуда "Синквейн" әдісін қолдану" тақырыбында әдіскерлерге арналған қалалық семинар



Балалардың құзыреттілігін дамытуда инновациялық технологиялар тиімділігі
№178 бөбекжай-балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытуда «Синквейн» әдісін қолдану» тақырыбында қалалалық семинар өтті. Іс – шараға білім басқарма басшысының орынбасары, Әуезов аудандық білім бөлімінің басшысы және балабақша басшылары, қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың әдіскерлері, .«Білім айнасы» Республикалық газеттің тілшісі, балабақша әдіскерлері, музыка жетекшілері, тәрбиешілер қатысты.
Іс-шараның ашылуы педагогтар жасаған коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған дидактикалық құралдар көрмесін көрсетуден басталды.
Одан кейін қатысушылар музыка бөлмесіне көтеріліп, «Синквейн» әдісін құзеттілікте пайдалану тиімділігімен танысып келген қонақтармен бірге шебер-сыныптардың куәсі болды. Іс-шараның Қорытынды бөлімінде қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық басшысы - Карасёва Наталья Викторовна балабақша ұжымымен әңгімелесіп, меңгеруші Б.П.Мырзатаеваға алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Іс-шара «Білім айнасы» Республикалық газеттің газетінде жарияланып, инновациялық технологиялардың құзыреттілікте тиімділігін, берудің маңыздылығы ерекше айтып өтті.
https://www.instagram.com/reel/DPIxK6aiIGb/?igsh=YnVjbGNyZXdydWMyhttps://ru.bilimainasy.kz/28-09-25-01/