«Тәуелсіздік - тұғырым!»
16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай балабақшамызда «Тәуелсіздік - тұғырым!» атты ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – бүгінгі бүлдіршіндерімізді Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.