6. Оқу-материалдық активтер » ГККП "Ясли сад №178"
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№178 бөбекжай-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 374-99-95
Әдіскер:
+7(727) 374-99-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 6. Оқу-материалдық активтер

6. Оқу-материалдық активтер

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігі және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып балабақшаның материалдық-техникалық қоры жаңа заманауи талаптарға сай. Топ бөлмелері балалардың жас ерекшелігіне сай ескеріліп, жабдықталған, дамытушы орталарға бөлінген, жаңа дизайнмен безендірілген. Балабақша мұздатқыштармен, технологиялық кұрал-жабдықтармен, жиһаздармен және тесек әбзелдері, орамалдармен түгелдей жабдықталған. Балалардың көңіл-күйінің қалыпты жағдайда болуына арналған психолог бөлмесі бар. Музыка, би іс-әрекеттерін сапалы жүргізуге музыка бөлмесі ұлттык нақышта, аспаптармен жабдықталған. Дене шынықтыру оқу іс-әрекеттерін сапалы жүргізуге дене тәрбие залы спорттық құрал-жабдыктармен жабдықталған. Баланың даму жағдайларына қойылатын жалпы талаптарға сай келеді. Барлық алаңдарда көлеңке түсіретін бастырма, ойын жабдықтары және құммен ойнайтын орындар орналастырылған. Сонымен қатар балабақша ауласы көгалдандырылған, яғни гүлдер мен гүлзарлар, ағаштар көп отырғызылған. Дене шынықтыру алаңы секіруге, жүгіруге, еңбектеуте және тепе-теңдік сақтауға арналған жаңа құралдармен жабдықталып, толықтырылды.
Ас бөлмелер арнайы технологиялық құралдармен жабдықталған. Бөлме ішінде ауа алмасу құрылғысы жұмыс істейді. Арнайы жеке ет, көкөніс, тағам саласына қарай тоңазытқышар, қамыр, бакалея бөлімдері арнаулы белгімен белгіленген. Тағам дайындайтын электр плиталары жүйелі түрде жұмыс істейді. Шикі тағам өнімдерін қабылдағанда оларды өлшейтін арнайы электронды таразы бар. Мұнда барлығы бірінші өлшеніп, одан ары қарай қоймаға өтеді. Шкафтар мен тоңазыткыштар жеткілікті, қоймада стеллаждар қойылған. Барлық азық-түліктерге сәйкестік куәлігі бар. Азық-түлік әкелетін кәсіпкерлермен келісім-шарт жасалынған. КМКҚ «№178 бөбекжай-балабақшасында балалар 5 рет тамактаналы.   Тамаққа дәрумендер косылады.
Кір жуатын бөлмеде әр топтың кір төсеніштері қабылданып арнайы себетке салынуда. Кір жуатын 2 кір жуғыш автомат машина орналасқан, оның біреуі арнайы карантинге арналған және ванна орналасқан, сондай-ақ кір орамалдарды жібітуге арналған және карантин кезіндегі орамалдарды дезинфекииялауға арналған ыдыс бар. Мектепке дейінгі мекемедегі баланың денсаулығын демеу және сақтау қорларының талабы мектепке дейінгі нормативтік кұжаттарға сай келеді.

Келесі мазмұнға өту:  7.Акпараттық ресурс