Алматы қаласы Әуезов ауданындағы
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
«№178 бөбекжай-балабақшасының»
өзіндік бағалау нәтижесінің қорытындысы
- Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
«№178 бөбекжай-балабакшада» өзіндік бағалау 2022 жылы қаңтар айының 25-нен 28-і аралығында өтті. Алматы каласы, Әуезов ауданы Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «№178 бөбекжай-балабақшасы» 2013 жылдан бастап жұмыс істейді.
Ғимарат түрі – 2 кабатты.
Жер көлемі – 1.1225 га. ш/м.,
Ғимарат көлемі – 2976,1 м2
Жоба қуаттылығы – 245 орын.
Оқыту тілі – қазакша, орысша
Қазіргі таңда балабақшада 10 топ жұмыс істейді. Барлығы бюджеттік есептегі топ. Тізім бойынша – 245 бала тәрбиеленуде. Әр топ балалардың жас ерекшелігіне сәйкес топтастырылған.
Балабақшаның жұмыс уакыты: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері – сағат 8:00-ден 18:30-ға дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Балалар үшін ән-күй, медициналық кабинет, әдістемелік кабинет, психология кабинеті, ашық спорт алаңы, баланың жас ерекшелігіне, заман талабына сай жабдықталған топтар бар. Сондай-ақ асхана, тамактану, кір жуатын, кір үтіктейтін бөлмелері жыл бойы қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасы Денсаулык сактау министрінің 17.08.2017 жылғы № 615 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» бойынша санитарлық қағидалары мен нормаларына сәйкес, балабақша ауласында балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты кажетті құрал-жабдықтармен қамтылған серуен аландары бар. Педагогикалық ұжымының жұмысы Білім берудің барлык деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (2018 жылғы 31 қазандағы № 604 ҚР БҒМ), Қазакстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығына). Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы) сәйкес ұйымдастырылды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:
– өтпелі такырыптар негізінде кұрастырылған перспективалық жоспар:
– апталык циклограмма:
– Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесінің тиімділігі, сондай-ақ баланың даму динамикасы туралы акпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі (бастапқы кыркүйек айында, аралық-қаңтарда және қорытынды – мамыр айында).
Балабақшада халық педагогикасы элементтерін ұлттық тәрбие мен жүйелі түрде кеңінен пайдаланады. Халқымыздың ауыз әдебиетін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін өндіре отырып, имандылык, әдептілік, елді, жерді сүю, ата-ананы сыйлау т.б халқымызға тән адамгершілікке тәрбиелеу барысында жұмыс жүргізіледі.
Балалардың ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамыту үшін психологиялык тренингтер, релаксация, жобалау, әңгімелесу әдістері қолданылады. Оқу тәрбие жұмыстарында алгоритм кестесі, жеке және дербес жұмыстар. интерактивті оқыту шараларын пайдаланып отырамыз. Балалар үшін оқулықтар, дидактикалық құралдар жеткілікті. Дамытушы ойындар, дидактикалық, мазмұнды-рөлдік ойындары, қимылды, ұлттык ойындар арқылы балалардың қызығушылығын, шығармашылығын дамытамыз. Мектепке дейінгі ұйымда экологиялык микроклимат кұру үшін көгалдандырылып, гүлді алаңқайлар, бұталар, отырғызылған. Балабақшаның медициналык бөлмесі керекті жабдықтармен камтамасыз етілген. Қызмет көрсету сапасы жоғары дәрежеде. Балабақшада тазалық-гигиеналық тәртіп сақтау жолы өте жақсы жолға қойылған. Күн тәртібі және балалардың тамақтану барысы үнемі сақталған. Жұкпалы аурулардан сактану, болдырмау шаралары және сауықтыру-шынықтыру жұмысы жоспарлы жүргізілуде. Емдік жұмыстары дәрігердің нұскауымен жүргізіледі.
Балалармен оксалин майын мұрынға жағу, нәрлеу мен жеміс-жидек шырындарын беру үнемі жүргізіліп тұрады. Жыл бойы «С» витамині тағамға қосылып беріледі. Балабақша медбикесі шынығу жұмыстары бойынша бақылау жүргізіп отырады. Ата-аналарға да пайдалы кеңестер беріп тұрады. Балабақша қызметкерлерін үнемі, уакытылы медициналық тексеруден өткізіп отырады.
Балалар балабакшаға төмендегі кұжаттар бойынша кабылданады.
Балалардың жеке кұжаттары:
- Бала денсаулығының паспорты;
- № 63 түрі;
- № 26 түрі;
- Балабақшаға жолдамалары;
- Туу туралы куәліктің көшірмесі;
- Ата-аналарының жеке куәлік көшірмесі;
- Ата-аналармен келісім шарты.
- Ата-аналарының жұмыс орнынан анықтама (көп балалы, әскери қызметкерлер)
Балабақшадағы оқу тәрбие жұмысын жақсартуда педагогикалык кеңестер, семинарлар өткізіліп тұрады. Жас мамандармен кеңестерді жан-жақты қызықты өткізумен қатар заман талабына сай құнды пікірлер беріліп отырады. Педагогтармен әдістемелік жұмыстың әртүрлі формалары (кәсіби конкурстар, байқаулар, біліктілік көрмелер) ұйымдастырылып тұрады. Ұйымдастырылған оқу қызметінде мультимедия, бейнематериалдар қолданылады. Балабақша ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Балабақша психологы жас ата-аналарға арналған әр түрлі іс-шаралар жүргізеді. Ата-аналармен бірігіп әртүрлі спорттык мерекелер, көрмелер, ұйымдастырылып тұрады. Жоғарғы топ тәрбиешілері «өзін-өзі тану» оқу қызметін өз топтарында өткізеді. Топтар заман талабына сай ақпараттық технологиялармен, әдістемелік кітаптармен және ойыншықтармен жабдықталған.
Ата-аналармен, тәрбиешілермен, балалармен балабақша психологы жылдық жоспар бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп отырады. Балалармен психодиагностикалык ойындар, жаттығулар, тренингтер, мониторинг жүргізіліп тұрады. Ата-аналарға кеңестер беріліп отырады.
Балабақша қажетті мамандармен қамтылған. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдарда төмендегідей кұжаттарды талап етіледі.
Қызметкерлердің құжаттары:
1. Еңбек келісім шарты;
2.Еңбек кітапшасы;
3.Жеке тұлға кағазы;
4.Диплом көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
5.Жеке куәлік көшірмесі;
6.Санитарлык кітапшасы;
7.Сотталмағаны туралы анықтама.
8.Дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркологиялык орталықтан аныктама.
9.Психикалық сауықтыру орталығынан анықтама.
10. Зейнетақымен қамсызданумен келісім шарт (көшірме).
Сондай-ақ балабақшада ата-аналармен мектепке дейінгі мекеме арасында төлемақыға байланысты келісім-шарт жасалынған. Келісім-шарттың мақсаты: Ата-аналармен «№178 бөбекжай-балабақша» арасындағы байланысты анықтайды және балаларды тәрбиелеу, оқыту, денсаулығын қадағалап отыруды реттейді.
ҚР Білім берудің барлык денгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңды және КМҚК Жарғысын басшылыққа ала отырып, бір жағынан «№178 бөбекжай-балабақша» меңгерушісі, екінші жағынан ата-ана осы келісім-шартқа кол кояды.
Келісім-шарт төмендегідей бөлімдерді кұрайды:
- Жалпыға жағдай;
- Келісім-шарт мәні;
- МДҰ құқықтары мен міндеттері;
- Отбасының құқыктары мен міндеттері;
- Төлемакы тәртібі мен мөлшері:
• Мемлекеттік қазыналық топтарда бір күндік төлем ақы - 859 (сегіз жүз елу тоғыз) тенге.
«№178 бөбекжай-балабақшасы» ұжымының жеке іс-топтамасында барлық кажетті құжаттар (жеке іс-қағазы фотосуретімен, өмірбаяны, диплом көшірмесі, еңбек шарты, біліктілік дәрежесінің куәлігі, жеке куәлігінің көшірмесі, дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркологиялық орталықтан анықтама, психикалык сауыктыру орталығынан аныктама, зейнетақымен қамсызданумен келісім-шарт (көшірме), мекен-жай туралы анықтама, зейнетакы қорымен түзілген шарт, біліктіліктерін көтеру курстарынан өту куәліктері) жинакталған. Тәрбиешілердің және кызметкерлердің жеке еңбек кітапшасы мен жеке іс-құжаттары сейфте сақталады. Балабақшаның барлық қызметкерлерімен әр уакытта техникалық қауіпсіздік жөнінде нұсқаулар өткізіліп, тиісті нұсқаулық журналдарына тіркеліп отырады. Балабақшаның қызметкерлері өздерінің лауазымдык міндеттерімен және мекеменің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырылған. Педагог мамандарды тіркеп отыратын кітап және бұйрык кітабы бар. Бұйрық кітабы мемлекеттік қазақ тілінде жүргізіледі. Құжаттарды тіркеу және қайтарып беру жұмыстары қатаң түрде жүргізіліп отырады. Мамандарды толықтыру, сапалық құрамының құжаттары мен сандық кұрамына талдау жұмыстары жүргізілуде. Мектепке дейінгі ұжым педагогикалык мамандармен толык қамтылған.
Өзіндік бағалау барысында мекеменің ішкі тәртібінің іс-әрекеттерін анықтайтын құрылтайшы құжаттардың бар екендігі тексерілді.
Мектепке дейінгі мекеменің ішкі тәртібін реттеуші төлқұжаттары:
- Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, Алматы қаласынын Әділет Департаменті, тіркеу № 688-1910-04-МК Алматы қаласы 29.06.2012 жыл;
- Бизнес сәйкестендіру (БСН): № 120640020068;
№ 688-1910-04-ГП 29.06.2012 ж.
- Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі: 600300604029 31.07.2012 ж.
- Алматы қаласы Білім басқармасының КМҚК «№178 бөбекжай-балабақшасының» Жарғысы, Әділет Минитрлігі Алматы қаласы Әділет департаменті Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу № 688-1910-04-ГП 29.06.2012 ж.
- Техникалық төлқұжат № 13-2000-16273 06.08.2013 жыл;
- Тұрақты жер пайдалану кұқығы, кадастрлық нөмірі: № 20-312-056-132-11/1 08.11.2013 ж.
- Мемлекеттік білім беру және мемлекеттік медициналық қызметпен лицензия, берілген күні 01.10.2014 жыл, лицензияның № 14014638 әрекет мерзімі – шектеусіз.
Мекеме атауы | Мекен-жайы | Телефондары | Пошта индексі | Меңгерушінің аты-жөні |
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «№178 бөбекжай- балабакша» | Әуезов ауданы 12 шағын ауданы № 11/1-үй | 8-727-374-99-95 Факс: 374-99-96 dedsad 178 @ mail.ru | 050036 | Искендирова Гулнара Борибаевна |
КЕЛЕСІ МАЗМҰНҒА ӨТУ: 2. Мамандар құрамын талдау