4. Оқу-әдістемелік жұмыс » ГККП "Ясли сад №178"
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№178 бөбекжай-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 374-99-95
Әдіскер:
+7(727) 374-99-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 4. Оқу-әдістемелік жұмыс

4. Оқу-әдістемелік жұмыс

  1. Оқу-әдістемелік жұмыс
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының жылдық жоспары, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы, базалық оқу жоспарындағы әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының ережелеріне сай жасалынған. Оқу жүктемесіне 5 білім беру саласының мазмұны кіреді:            «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет». Мектепке дейінгі ұйымда білім және тәрбие беру үрдісінде Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен «Білім туралы» заңына сәйкес іске асырылуда.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын қолдану барысы, балалардың денсаулықты сақтау, тілдік-коммуникативті, танымдылық, шығармашылық және әлеуметтік құзыреттілігінің дамуына бағытталған.
Жылдық міндеттемелер
Оқу жылдары
Жылдык міндеттемелер
2019-2020
  1. Тәрбиеленушілердің танымдық қызығушылықтарын, логикалық ойлауын қалыптастыру.
  2. Бала денсаулығын нығайту үшін қимыл-қозғалыс белсенділігі әрекеттерінің тиімділігін арттыру
2020-2021
1. Салауатты  өмір салты құндылығын қалыптастыру арқылы баланың денсаулығын нығайту және өмірін сақтау. 
2. Мектеп жасына дейінгі баланы қоршаған ортамен таныстыра отырып, жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынас негіздерін қалыптастыру
2021-2022
  1. Рухани  жаңғыру неізінде баланың ұлттық сана-сезімін оята отырып, салт-дәстүрлер мен ідет-ғұрыптарға баулу.
  2. Баланың тілдік қатынасын қоршаған ортамен таныстыра отырып жан-жақты жетілдіру
Мектепке дейінгі ұйым мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу барысында, инновациялык әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жеткіншек ұрпактың саналы да, сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.
     Мектепке дейінгі ұйымдағы аттестаттау екі этаптан тұрады: бірінші этап – өзін-өзі бағалау; екінші этап - аттестаттау комиссиясының жұмысы. Алғашкы бағалау мектепке дейінгі ұйымда әкімшілік, қызметкерлер және ата-аналармен іске асырылады. Өзін-өзі бағалау барысында төмендегідей жұмыстар іске асырылды: топтардың жалпы жағдайын бақылау, ата-аналармен сауалнамалар жүргізу, құжаттарды талдау қамқоршылық кеңесіне ұсыну. Өзін-өзі бағалаудың ең негізгісі топтардың жалпы жағдайын бақылау арқылы іске асырылды. Өзін-өзі бағалау барысында күн тәртібінің сақталуы, тәрбиешілер мен мамандардың балалармен оқу тәрбие жұмыстарын жүргізу барыстарында дамытушы, дидактикалық, логикалық ойындарды, ойын әдіс-тәсілдері мен ойын жаттығуларын, ақыл ой және сөздік логикалық есептерді кеңінен қолданды. Педагогтардың күш-жігері балалардың өзін-өзі тәрбиелеуге қоршаған ортадан, табиғат кұбылыстарынан, заттар әлемінен тәжірибе жасау барысында қабылдау сезімдерін оятуға бағытталған. Балабақшамызда педагог-мамандардың кәсіби шеберліктерін қалыптасыруға, шыңдауға бағытталған іс-шаралар (педагогикалық кеңестер, ашық оқу қызметтері, семинар, кеңес, тренингтер) өткізіліп тұрады. Барлық педагог-мамандардың кәсіби біліктілігін көтеріп, компютерлік сауаттылықты меңгеріп отырады. Білім беру ұйымында мамандардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне инновациялық сын тәжірибелік қызметке даярлау барысында әдістемелік көмектер көптеп көрсетіліп тұрады. Мемлекеттік стандартты басшылыққа алып, әдістемелік іс-шараларды өткізудің жаңаша жолдарын іздестіруді жалғастырып отырады. Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында педагог Перспективалык жоспарға сәйкес циклограмма құрастырады.
     «Денсаулык» білім беру саласы бойынша жыл бойына алынған міндеттемеге сай бағдарламалық талаптар ойдағыдай өз шешімін тапты. Балалардың физикалық денсаулығының артуына бала бойына өмірлік маңызы бар шымырлық, икемділік, ептілік, қиындыққа төзімділік сияқты дене саналарын тәрбиелеу мен жетілдіруде жүйке, сезімдік және қимыл орталықтары бір-бірімен тығыз байланысты болатындығын көруге болады. Соған орай денсаулық білім беру саласы бойынша балабақшамызда шынықтыру жұмыстары ойдағыдай жүзеге асырылды. Мысалы, балалар мен ата-аналар арасында ашык ұйымдастырылған оқу қызметі мен эстафеталық ойындар өткізілді.
«Қатынас» білім беру саласы бойынша бағдарламаның барлық бөлімдерінін ауызша қатынастың алуан түрлі кұралдарын мемлекеттік тілде қарым-қатынас пен өзара іс-әрекет құруда пайдалануды, дыбыстарды анық айтуды, өз ойын толық сөйлемдер кұру арқылы жеткізуге, тілдің қажетті лексикалық және грамматикалық құралдарын талдау және оларды ойындарда, сөздік шығармашылықта және іс-әрекеттің басқа түрлерінде пайдалану мүмкіндіктері меңгертілді. Тілдік даму құралдары мүмкіндігінше толықтырылды. Топтардың арасында қуыршақ театры бұрышын жинактау барысында байқаулар ұйымдастырылып, бала тілі мен қиялын дамытуға арналған ертегілер кұрылып, күнделікті оқу қызметінде қолданыс тауып отырды.
«Таным» білім беру саласы бойынша бағдарламалық талаптарға сәйкес балалардың білім деңгейлері салыстырмалы көрсеткіш бойынша көрсетілген. Жылдық міндеттерді басшылыққа ала отырып, балаларды қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге, алға койылған міндеттерге жету, экологиялық білімді меңгеріп, сұрақтар қоюға, эксперимент жасауға, себеп-салдарлық байланыстар орнату дағдылары қалыптастырылды. Құрастыру бойынша іс-әрекеттегі ойды жүзеге асырып, заттарды жалпы түсініп және оларға ауызша анықтамалар беруге мүмкіндік жасалынды.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша оқу жылында балалар музыка, өнер туындалары және ұлттык шығармашылыққа өзінің қатынасын білдіруге мүмкіндік алды. Көркем кұралдармен жеке көркем образдар жасауларына толық жағдай жасалынды.
«Әлеумет» білім беру саласы бойынша барлық іс-шаралардың бағыты әлеуметтік-танымдылық тәрбие міндеттерін шешу жолында мәдени кештер іс-әрекеттері арқылы шешілді.
     Балалар Қазакстан Республикасында тұратын халықтардың салт-дәстүрлерімен танысты. Ойын-сауықтар нысандарында түрлі ұлағаттарға деген сүйіспеншілік сезімдері мен жылы қарым-қатынас сақтау қалыптастырылған. Отбасымен біріккен халықтар достығы мерекесі, наурыз мерекелері тойланды.
Мамандармен жұмыстану барысында қәсіби шеберлікті қалыптастыруға бағытталаған іс-шаралар/педкеңестер, семинарлар, байқаулар, көрмелер, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері, т.б іс-шаралар/тәрбиешілердің біліктілік деңгейлерінің жоғарлауына әсер етті. Балабақшамыз аудан көлемінде, қала көлемінде, балабақша көлемінде өткізген іс-шараларға балабақша ұжымы ұйымшылдықпен белсенді жұмыстар атқарды.
Атап айтсақ 2018 жылы балабақшамызды ортаңғы топ тәрбиешісі Серікбаева А.К. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында  «Ұлттық ойындар қобдишасы» атты қалалық ашық оқу көрсетілімін, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Бейсебаева Құралай «Аю мен маса» ертегісін сахналап ауданаралық ашық көрсетілімін, ересек тобының тәрбиешісі Тұрғанбай Айгүл «Математика патшалығы» атты ауданаралық ашық көрсетілімін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай қалалық «Мемлекеттік шекара» атты ашық көрсетілім өткізді.   
2019 жылы меңгеруші Искендиова Гулнара Борибаевна, Елбасының 2018 жылғы Қазақстан халқына  Жолдауында  және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны» іске асыру мақсатында құрылған «Алматы – адалдық алаңы» жобасы аясында балабақшамызда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың рөлі» атты бірыңғай сағат өткізілді.
Музыка жетекшісі балалардың жас ерекшеліктеріне сай, кесте бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп отырады. Қазақ халқының дәстүрлер мен салттар (нәрестенің дүниеге келуі, бесік той, тұсау кесер т.б), күнтізбелік мейрамдар, ата-аналармен бірігіп музыкалык және ойын-сауық кештері жүргізіліп тұрады. Баланың музыкалық мәдениетінің эстетикалық талғамының ұлттық сана-сезімі, имандылық қасиетінің қалыптасуында музыка үлкен рөл атқарады. Әр іс-әрекет бірнеше оқу қызметінде қолданылады (таныстыру, кайталау, бекіту, жаңа ән, би үйрет т.б.). себебі музыкалык репертуар (ән тыңдау, ән айту, би, аспапта ойнау т.б.) көлемі нақты тәрбие санына сәйкес жоспарланады.
Аналар мерекесі, қазақ халқының ұлы күні – Наурыз «Ұлыстың ұлы күні», 1 мамыр халықтар достығына арналған «Достығымыз жарасқан» атты мерекелер ата-аналармен бірігіп аталып өтті. Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартында қойылған талаптарды іске асыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ашық оқу қызметі т.б. өткізілуде.
Музыка оқу қызметі баска пәндерден ерекшелігі – балалардың өз бойындағы өзгешеліктерді, әсемдігін, әдемілігін сезе білуге баулиды. «Ұлттық ойындар» сәтінде балалар өз бойына әдеп, дәстүр, әдетті сіңіреді. Сонымен қатар – тәртіп, әділдік, кішіпейілділік, жомарттық жайлы ата-дәстүрімізді енгізіп отырамыз. Тақырыптық ертеңгіліктер өткізгенде де, («Жомарт күз», «Кел, төрлет Жаңа жыл!», «Анашымды мейрамымен құттықтаймын!», «Ұлыстың ұлы күні», «Ер есімі, ел есінде», «Достығымыз жарасқан» т.б.) балабақша мен отбасы арасындағы байланыс өте тығыз деп айтуға болады. Себебі: жас ұрпақты қазіргі заман талабына сай тәрбиелеуде ата-аналардың ыкпалы зор. Ата-аналар қызметін ерекше көмекшілер ретінде тарта отырып, ата-аналар мен балабақша арасындағы байланысты нығайту арқылы келер ұрпақты еңбекке, өнерге бағыттау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, яғни адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Педагогикалық ұжымды: Балаларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерінің психолог жұмысының түрлерін, бағыттарын, құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметінің жұмыс стратегияларын жасауға бағыттау болып табылады.
Балалармен жұмыс: Баланың балабакшаға қалыптасуы, балалармен қарым-қатынасы, ата-анамен қарым-қатынасы, тәрбиешілермен қарым-қатынасы, баланың қиын кезеңдерімен жұмыс, топта психологиялық ахуалы бар баламен жұмыс, тәрбиешілермен жұмыс, әкімшілікке әлеуметтік-психологиялық көмек т.б ата-аналармен жұмыс: жанұялық тәрбие стилін анықтау, психологиялық ағарту және профессионалдық (дәріс, әңгіме, әдебиеттер ұсыну) түзету және дамыту жұмыстарын жүргізу. Балабакша ішінде «Күз кереметтері» ,«Тәуелсіздік төрінде» атты көрме өткізілді.  
Ата-анамен жұмыс барысынла: дөңгелек үстел, кеңестер, ашық есік күндері, спорттық сайыстар, мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтар болсақ «Отбасымен балабакшаның ынтымақтастығы», дөңгелек үстел. «Бала денсаулығын нығайтуда отбасы мен балабақшаның байланысы» ашық есік күні «Әкем, шешем және мен» спорттық сайысы. «Ұлыстың ұлы күні» наурыз мерекесі т.б көптеген жұмыстар еткізілуде. «Денсаулық» білім беру саласы бойынша бағдарламалық талаптар ойдағыдай өз шешімін табуда. Балалардың денсаулығын қорғау, нығайту жөніндегі жұмыстар өз дәрежесінде жүргізілуде. Мәдени-гигиеналық дағдылары: жеке бас гигиенасының алғашкы дағдыларын меңгерген; гигиеналық шараларын орындау әдісін біледі; ересектер мен даярлык топтарының балалары гигиеналық шараларды өздігінен орындайды және құрдастарына көмек көрсете алады;
Дене тәрбиесі барлық топтарда мемлекеттік стандартка сай өткізілуде. Жаз айларында жалаң аяқ жүру, сусындар мен шырындар ішу, дене шынықтыруды таза ауада өткізу, спортгық жарыстар мен ойын сауықтар ұйымдастырылды. «Шынықсаң шымыр боласың!», «Дені саудың – жаны сау!», «Денсаулық еліне саяхат!», «Спорт сенің серігің» атты такырыптарда ашық оқу қызметі өткізілді. Оған қоса 1-ші маусым балалар қорғау күніне арнап «Бақытты балалық шақ!» атты спорттық мереке өткізілді.
Өздігінен қозғалу белсенділігіне келсек, кіші топ балалары кейбір қимылдарды үлкендердің көмегімен орындаса, ересектер және даярлық топ балалары өздері орындап, спорттық жаттығуларды әр түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын өздері жүргізе алады. Балабақшадағы дене тәрбиесінде халық педагогикасының элементтері пайдаланылып, ұлттық ойындар ойнауға балалардың қызығушылығын арттырып отырады. 

КЕЛЕСІ МАЗМҰНҒА ӨТУ: 5. Оқу - тәрбиелік жұмыс