- Оқу - тәрбиелік жұмыс
Қазіргі замандағы білім беру сапасы педагог-мамандардың кәсіби шеберліктеріне, тәжірибесі мен біліміне байланысты. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде педагогикалық құрылымның сапасы сұрыпталу бойынша жүргізілінеді. Қызметкердің лауазымдык міндеттері мекеме жарғысымен, мектепке дейінгі мекеме тәртібіне сай нормативтік-кұкықтық кұжаттармен келісіліп уақытылы, парасатты, жүйелі іске асырылады. Мектепке дейінгі мекемесінің оқу жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың ережелеріне сай жасалынган. Тәрбиеленушілердің оқу қызметінің ұзақтығы мен жас ерекшелігі ескерілген. Базалық оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шеңбері белгіленген. Оқу кызметінің тиімділігі балалардың жағымды көңіл-күйіне байланысты болады. Оқу-тәрбие жұмыстарынының нәтижесі, өтілуі педагогикалық кеңесте, топтық және жалпы ата-аналар жиналыстарында қаралып отырылады.
Ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде кызмет атқара алатын дүниетанымы жоғары жан-жақты қалыптасқан кабілетті жеке тұлға тәрбиелеуге, ұлттық тәрбиені ұштастыра отырып, рухани және дене тәрбиесінің жетілуіне педагогтардың тәрбие беруде ықпалы зор.
Тәрбиешілер балаларға берілетін білімнің сапалылығына, меңгеруіне жеңіл де тиімді болуына әртүрлі ойындар, көркем де әдемі көрнекіліктерді таңғажайып сәттерді, көптеген жағдайлар мен жаңашыл тәсілдерді енгізіп, білім алу қажеттілігін ынталандырады.
Оқу-тәрбие жұмысында жеке тұлғаны адамгершілікке, ақыл-ойының және сана сезімінің жетілуіне, рухани байлығын және эстетикалық сезімінің дамуына қор жинақталуына жағдай жасалынған. Көрсетілген максатқа жетуде келесі қызмет түрлерін іске асырады: балаларды терендетілген тұлғалық-бағдарлы тәрбиелеу және оқыту, мектепке дайындап, баланын физиологиялык және психикалык денсаулығын нығайту, түзету және қалыптастыру: балаларды жан-жақты дамыту, балалардың кызығушылығы мен ата-аналар аркылы балалармен жұмыс істеудің жаңа түрлері мен әдістерін кұру және енгізу; 5-6 жастағы балаларды жалпы орта білім берудің алғашкы сатысына дайындау; қызметкерлердің балабақша үшін үлес қосқан еңбектерін марапаттау; қызметкерлердің шығармашылық дамуына жағдай жасау; қоғамымыздың әрбір мүшесінің құкығын қорғау.
«Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы педагогтарсыз инновациялық экономика құра алмаймыз», – деген еді Н.Ә.Назарбаев. Бүгінгі таңда, еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнымен қамтамасыз ету міндеті тұр. Адам тәрбиелеу - ең қиын да жауапты жұмыс. Сол қиындықты терең сезінетін, үлкен жүректі, ізгі ниетті адам ғана ұстаз бола алады. Ол үшін әрбір ұстаздың бойында терең білім, өз ісіне деген төзімділік, мейірімділік, адамгершілік касиеттері болу керек.
Балабақшамыздың жеткен жетістіктеріне тоқталар болсақ,
2019 жылы «Туған жер» тақырыбына арналған мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аудандық байқауында ІІ-орын жүлдесімен марапатталды.
2019 жылы «Шексіз талант» І қалалық шығармашылық фестивалінің «Аспаптық музыка» номинациясы бойынша марапатталды.
2020 жылы «Шексіз талант» ІІ қалалық шығармашылық фестивалінің «Оркестр» номинациясы бойынша марапатталды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы білім беру саласында заманауи технологияларды пайдалану арқылы ғаламтор кеңістігінде тәжірибе алмасып, білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология бағытының дамуына үлес қосқаны үшін «Үздік балабақша» номинациясымен «Алғыс хатпен» марапатталды.
2021 жылы ІІ қалалық мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық-шығармашылық «Пай-пай, балақай» байқауына қатысып, «Үздік декламатор» номинациясы бойынша ІІІ-орынмен марапатталды.
2021 жылы аудандық мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтарының «Шексіз талант» ІІІ қалалық шығармашылық фестивалінде өнер көрсетіп, «Хореография» номинациясы бойынша ІІІ орынмен марапатталды.
2021 жылы аудандық мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтарының «Шексіз талант» ІІІ қалалық шығармашылық фестивалінде өнер көрсетіп, «Хор» номинациясы бойынша Бас жүлдемен марапатталды.
Мектепке дейінгі ұйымда патриоттық тәрбиеге ерекше көніл бөлінеді. Жылдық жоспарға байланысты тақырыптық оқу кызметтері әр топта өткізілді. Қазақстан Республикасының тұңғыш – Президент күніне «Ел тірегі – Елбасы» атты тақырыптық оқу қызмет өткізілді және тәрбиеленушілер арасында сурет байқауы ұйымдастырылып, жүлделі балалар «Мақтау қағаздарымен» марапатталды. Қазакстан Республикасының Тәуелсіздік күніне «Тәуелсіздік – тірегім!» атты тақырыптық оқу қызметтері өткізілді. Қарттар күніне орай ауданымыздағы қамқоршылары жоқ бірнеше қарттардың үйіне азық-түлік пакеттері апарылды. 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай ардагерлермен, қарттармен кездесулер өткізіледі. Осы жұмыстардың барлығына балалар, педагогтар, ата-аналар белсенді қатысады. Жыл бойы ата-аналар мектепке дейінгі ұйымдарда болып жаткан мерекелерге, ойын-сауықтарға, жарыстарға өз ыкыластарымен белсене катысады.
Балаларды мектепке дайындау сапасы
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық денгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі: балалардың білуге деген құмарлығын дамыту; балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту; балалардың интеллектуалдық және тұлғалык дамуына бағытталған шығармашылық киялын дамыту; тілдік қарым-қатынасын дамыту (кұрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу).
Қатысу-спорттық-сауықтыру кеңесінің негізгі функциялары:
Дене тәрбиесі бағдарламасының бөлімдерін сапалы іске асырып келеді.
Балалардың физикалық дамуының мониторингі жүргізіледі:
Балалардың дене дамуындағы ауытқуларды болжау, қалпына келтіру шаралары іске асырылады. Балалардың санасында салауатты өмір салты жайлы түсінікті қалыптастыра отырып, балабақша қызметкерлерімен ата-аналары арасында тығыз байланыс орнатылады.
Балалардың тамақтануына үлкен көңіл бөлінеді. Күнделікті тамаққа көкөністер, сүтті, балық тағамдары, тәтті тоқаштар, ірімшік, сапалы жаңа жемістер, шырындар мен сусындар беріледі.
Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы білім аймағында мемлекеттік саясатты ұстанады. ҚР мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын басшылыққа алады.
Балабақшада балалардың денсаулығын жақсарту шаралары
Балабақшада балалар денсаулығын жақсарту үшін төмендегі әр түрлі кешенді іс-шаралар жүргізіледі:
Иодтық тапшылықтың алдын-алу шаралары үнемі және жүйелі түрде жүргізіліп келеді;
Тұмаудың алдын-алу шаралары: оксалиндік жақпа майы, С дәрумені қосылған кампот, сарымсақ алқасы.
Балалар денсаулығын жақсарту бойынша медициналық – алдын-алу кеңесінің жүйелі жұмысы бала денсаулығының күшеюіне ықпал жасайды, әсіресе жиі ауыратын балалар тобымен жүргізілген жұмыс нәтижесін айта кету керек.
Науқастану және қатысу қорытындысы
| Оқу жылы |
2019 | 2020 | 2021 |
саны | саны | саны |
Орындалған күндер | 36800 | 17297 | 30304 |
Науқастык күндер | 9860 | 4154 | 9464 |
Суык тиіп ауырған балалар | 4930 | 2077 | 4734 |
Жалпы науқас көрсеткіші | 4930 | 2077 | 4730 |
Аурудың пайыздык көрсеткіші | 4 | 5 | 4 |
Суық тиген аурулар көрсеткіштері |
Қатысу көрсеткіші